Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Словенияның Оточец қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының өкілі U13 жас санатында алтын медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында Жәния словениялық Эму Калужаны — 3:0, үндістандық Каавья Саринді — 3:0, сингапурлық Линь Цзяцзюньді — 3:0, хорватиялық Стелла Пресецкиді — 3:0, Ника Грегурецті — 3:0 және Петра Липовшчакты — 3:0 есебімен жеңді. Финалда ол Сингапур өкілі Хуан Кристалдан 3:1 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Хорватияда өткен WTT Youth Contender турнирінде күміс жүлдегер атанған еді.