Венгрияның Сомбатхей қаласында үстел теннисінен «WTT Youth Contender Szombathely» халықаралық жасөспірімдер турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sport+.

Қостанайлық 13 жастағы Жания Бекмұхамбетова 15 жасқа дейінгі (U15) спортшылар арасында өнер көрсетіп, үшінші орын иеленді. Қазақстандық теннисшінің жаттықтырушысы — Юлия Даниярова.

Қола жүлдеге барар жолда Жания Венгрия, Молдова, Польша және Румыния өкілдерін жеңді.

Ал жартылай финалдық кездесуде қазақстандық спортшы Катар өкіліне есе жіберіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.