15-17 қазан аралығында жүзуден Астанада өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл кезең биыл Баку, Ташкент және Астананы қамтыған Silk Road Tour сериясының қорытынды бәсекесі болмақ. Қазақстан құрамасы өз алаңындағы жарыста 22 спортшымен сынға түседі.

Ұлттық құрама сапында Александр Румынский, Даниил Черепанов, Максим Клименко, Софья Сподаренко, Аделаида Пчелинцева, Егор Василенко, Глеб Коваленя, Даниил Чужинов, Раид Хиссамиев, Мансұр Балтемір, Еламан Бибулаев, Артем Шевченко, Айбат Мырзамұратов, Анатолий Руденко, Ришат Жұмағұлов, Әділбек Мусин, Артур Миронов, Максим Сказобцов, Егор Попов, Федор Диденко, София Абубакирова және Ғалымжан Балабек ел намысын қорғайды. 

Айта кетейік, жарыстар «Барыс Арена» кешенінде ұйымдастырылады.