ACA лигасы қазақстандық Артем Резников пен әзербайжандық болашағынан үміт күттіретін Заур Гаджиев арасындағы қарымта жекпе-жекті ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Кездесу 25 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өтеді.
Еске сала кетейік, қос спортшының алғашқы жекпе-жегі тең есеппен аяқталып, кейін олардың мәлімдемелері үлкен дау тудырған болатын.
