«Барыс» хоккей клубы қараша айындағы сырт алаңдағы ойындар сериясын Челябіде жергілікті «Тракторға» қарсы кездесумен бастады, деп хабарлайды Sport+.
Матч алаң иелерінің пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Елордалық команда сапында жалғыз шайбаны Мейсон Морелли соқты. Нәтижелі пастардың авторлары Чейз Приски мен Джастин Бейли атанды.
Қазақстандық клуб келесі кездесуін 6 қарашада «Адмиралға» қарсы өткізеді.
