Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Азия чемпионатына қатысатын ойыншылар тізімін анықтады, деп хабарлайды Sport+.

Турнир 5–8 қараша аралығында Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өтеді.

Құраманың негізгі тізіміне 23 хоккейші енді. Олардың 20-сы — алаң ойыншысы, үшеуі — қақпашы.

Қақпашылар: Антон Осокин, Сергей Кудрявцев (екеуі де — «Торпедо»), Владислав Нурек («Номад»).

Қорғаушылар: Степан Александров, Данил Бутенко, Фёдор Хорошев (барлығы — «Торпедо»), Артем Королев, Александр Макаров, Кирилл Никитин, Руслан Түсіпбеков (барлығы — «Номад»), Эдуард Михайлов («Сарыарқа»).

Шабуылшылар: Артур Гатиятов, Дмитрий Гренц, Диас Гусейнов, Саян Данияр, Максим Мухаметов (барлығы — «Торпедо»), Артур Гросс, Абай Маңғысбаев, Александр Мигунов, Никита Мерзликин (барлығы — «Номад»), Александр Борисевич («Сарыарқа»), Евгений Рымарев («Алматы»), Оскар Юлбарисов («Горняк»).

Бапкерлер штабы штабы:

Бас бапкер: Талғат Жайлауов;
Бапкерлер: Константин Пушкарев, Роман Старченко;
Қақпашылар бапкері: Александр Смелянец;
Бейнеталдау бойынша бапкер: Владислав Белан;
Жалпы дене дайындығы бойынша бапкер: Игорь Елисеев.
Бас менеджер: Олег Болякин.