Алматылық «Қайрат» футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы кездесуін латвиялық «Бейтарға» қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport+. 

Қазақстандық клуб қарсыласын 5:3 есебімен жеңді. Матчта Кайо Руис хет-трик авторы атанса, Азат Валиуллин мен Алмас Иманбеков бір голдан соқты.

«Қайрат» турнирдің 1/8 финалына мерзімінен бұрын жолдама алды. Себебі румыниялық «Юнайтед Галац» жарысқа қатысудан бас тартты, ал топтағы үздік үш команда плей-офф кезеңіне өтеді.

31 қазанда алматылық команда Бельгияның «Спортинг-Андерлехт» клубымен кездеседі.