Шымкенттік «Ордабасы» мен Қызылорданың «Қайсар» командалары арасындағы футболдан Қазақстан кубогының финалдық кездесуі 7 қарашада Түркістан қаласында өтеді, деп хабарлайды Sport+ KFF League баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шешуші матч Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында ұйымдастырылады.
Кездесу 7 қараша күні сағат 16:00–де басталады.
