Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Шкип 2026 жылғы қараша айында өтетін УЕФА Ұлттар лигасының матчтарына шақырылған футболшылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, осы айда Қазақстан құрамасы 13 қарашада сырт алаңда Молдоваға қарсы ойнайды, ал 16 қарашада Джон ван ’т Шкип шәкірттері Астанада Словакия құрамасын қабылдайды.
Соңғы тізімге 27 футболшы енді:
Қақпашылар: Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым, Ян Вороговский (екеуі де — «Астана»), Арсен Әшірбек, Әділбек Жұмаханов (екеуі де — «Елімай»), Сергей Малый («Ордабасы»), Владислав Васильев («Оқжетпес»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Мрынский («Қайрат»), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Темірлан Ерланов («Ақтөбе»),
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Төлібай (екеуі де — «Елімай»), Айбол Әбікен («Қызылжар»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Бауыржан Исламхан, Дінмұхамед Қараман (екеуі де — «Астана»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»),
Шабуылшылар: Ислам Чесноков («Крылья Советов», Ресей), Исмаил Бекболат, Азамат Тұяқбаев (екеуі де — «Қайрат»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов («Ахмат», Ресей).
