Қазақстан құрамасы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан семсерлесуден жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Шпагадан ерлер арасындағы жекелей сайыста Кирилл Проходов алтын медаль жеңіп алды.
Финалда қазақстандық спортшы Гонконг өкілі Вонг Пак Юмен кездесіп, 15:12 есебімен жеңіске жетті.
Қайша Жәнібек күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол сабля бәсекесінің финалында Гонконг спортшысы Джейн Саммер Ситке 8:15 есебімен есе жіберді. Ал Диляра Исабекова жарысты үшінші орынмен аяқтады.
