Түрлі түсті доптар фестивалі by Beeline Janymda аясында «Жасыл доп» санатындағы жарыстар өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+.

Үш күнге созылған турнир қорытындысы бойынша ұлдар мен қыздар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Жарыс барысында жас теннисшілер өз шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындар үшін бақ сынады және құнды жарыс тәжірибесін жинақтады.

Қыздар арасында Қарағанды облысының өкілі Фариза Ерболова жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені алматылық Жамиля Рамазан иеленсе, қола медальді Ақтөбе қаласының өкілі Айлин Дәулеталина жеңіп алды.

Ұлдар арасында Алматы қаласының өкілі Виктор Уваров бірінші орынға ие болды. Елордалық теннисші Қаһар Салғара күміс жүлдегер атанса, үздік үштікті Астананың тағы бір өкілі Эмирали Байдилла түйіндеді.

Түрлі түсті доптар фестивалі балалар теннисін дамытуға, өскелең ұрпақ арасында спорттың осы түрін кеңінен насихаттауға және жас спортшылардың жарыс тәжірибесін арттыруға бағытталған. Мұндай жарыстар жас теннисшілерге ойын дағдыларын жетілдіруге және дайындықтың келесі кезеңдеріне біртіндеп өтуге мүмкіндік береді.

9 қарашадан бастап фестиваль аясында «Қызғылт сары доп» санатындағы жарыстар басталады. Онда жас теннисшілер жүлделі орындар үшін өзара бақ сынауды жалғастырады.

Тек Beeline клиенттері ғана алғашқы ғарыштық мобильді байланысты Starlink жерсеріктері арқылы бүкіл Қазақстан аумағында  пайдалана алады.