«Елімай» футбол клубы бас бапкер Андрей Карповичпен ынтымақтастықты тоқтатқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ семейлік клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар клубтың спорт директоры Федор Симиниди де қызметінен кетті.

Маусымның соңғы турында «Оқжетпеске» қарсы кездесуде команданы жастар құрамасының жаттықтырушысы Серікбек Қаппаров басқарады.