Алматылық «Қайрат» УЕФА Жастар лигасының екінші кезеңіндегі алғашқы матчта Венгрияның МТК клубын жеңді, деп хабарлайды Sport+.

Будапешт қаласында өткен кездесу қазақстандық команданың пайдасына 3:1 есебімен аяқталды.

«Қайрат» сапында Данияр Ташполатов, Абылай Төлеухан және Райымбек Кеңесбеков гол соғып, командасының жеңісіне үлес қосты.

Қарымта кездесу 4 қарашада Алматы қаласында өтеді.