Түркия Суперлигасының 10-туры аясында «Коньяспор» өз алаңында елдің қазіргі чемпионы «Галатасарайды» қабылдайды.
Алаң иелері турнирлік кестенің төменгі бөлігінен көтерілуге тырысып жатыр. Алайда чемпионаттағы тұрақсыз нәтижелер командаға қарқын алып, жоғары орындарға көтерілуге мүмкіндік бермей келеді.
Ал «Галатасарай», керісінше, Ыстамбұл дербиінде «Фенербахчені» 2:1 есебімен жеңгеннен кейін көшбасшылық орнын нығайтты. Осылайша, «арыстандар» чемпиондық атаққа басты үміткер екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Кездесу сағат 22:00–де басталады.
Матчтың тікелей трансляциясын sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.
